Sailau banner

Қоғам

СҚО-да 700-ден аса жігіт әскерден жалтарып жүр

Солтүстік Қазақстан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Ол желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Бейінді департаменттің бөлім бастығы Әнуар Ыбыраеавтың айтуынша, жаңа жылға дейін аймақтан 500-ге жуық жігіт азаматтық борышын өтеуге аттануы тиіс. Көктемгі кезеңнің қорытындысы мәлім. Алғашқы жартыжылдықта теріскейден 433 азамат Отан қорғаушылар қатарына қосылыпты. Жоспардың орындалу көрсеткіші 91 пайызды құрады. Командалардың толмауына себеп – жастардың денсаулық жағдайы және әскерден жалтаруы. Қазір бұл бағытта тиісті жұмыс басталыпты. Ведомство өзге де органдармен бірлесіп, шақыру орнына бас сұққысы келмейтін жерлестерімізді іздеуде. Айта кетерлігі, іздеу салынғандардың кейбірі шекара асып кеткен.

ӘНУАР ЫБЫРАЕВ, СҚО бойынша қорғаныс істері департаментінің бөлім бастығы:

– Бүгінгі таңда 743 жігіт іздестіріліп жатыр. Бұл жігіттердің аты-жөнін полицияға бердік. Мамандар әскерден жалтарғандарды тауып, түсіндіру жұмысын жүргізеді және бізге жолдайды. Қазіргі таңда департаментте биылғы жылдың алғашқы командасы жасақталуда. Ол 10 азаматтан тұрады. Темірдей тәртіптен қашпаған болашақ сарбаздар қыркүйектің 13-і күні Алматы облысындағы Алакөл ауылына аттанады. Жігіттер шекара шебінде қызмет етеді.

 

Байболат Құлтанов