Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

Кадрлық ауыс-түйіс

Экология және табиғи ресурстар министрлігі аппараты басшысының өкімімен СҚО бойынша экология департаментін Талғат Сәбиев басқаратын болады. Ведомство басшысын облыс активіне өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов таныстырды.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Талғат Мәлікұлы еңбек жолын 1999 жылы Қостанай облысы “Чернышевский” ЖШС заңгер-кеңесші ретінде бастаған. Кейін Қостанай облыстық әкімдік аппаратында түрлі қызмет атқарды.

Ал Мемлекеттік істер агенттігі төрағасының өкімімен Ержан Қарымсақов облыстық әдеп жөніндегі кеңестің басшысы болып тағайындалды.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Ержан Нағызханұлы 1980 жылы Қызылорда қаласында туған. Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда облысы бойынша құқықтық статистика және ақпарат орталығының бас маманы болып бастады.

Жиын соңында өңір басшысы аты аталған салаларда алдағы уақытта оң өзгерістер болатынына сенетінін жеткізді.

 

Нұрасыл Ахмет