Sailau banner

Қоғам

Студенттерді қолдау

Мына студенттердің басым бөлігі биыл мектеп тәмәмдады. Барлығы дерлік кәмелеттік жасқа толмаған деп айтсақ болады. Жаңа орта, мұғалімдердің күрделі тапсырмалары, ата-аналарынан алыста болуы мен достарының аздығы. Мұның бәрі студенттердің психологиясына әсер етуі мүмкін. Осыны ескеріп, университет мамандары тренинг өткізді. Маңызды шара Отбасы күніне орай ұйымдастырылып отыр. Себебі, жоғары оқу орнындағы топ – ол да бір жанұя болып саналады. Іс-шараға барлығы – 100-ден астам ұл-қыз қатысты. Жиында 3 білікті маман сөз сөйледі. Соның бірі – Кәмила Жамұқанова. Азаматшаның осы салада жүргеніне 5 жыл болыпты. Оның сөзінше, студент ашық болса және неғұрлым айналасындағы жандармен тығыз араласса, жаңа ортаға тез үйренеді.

КӘМИЛА ЖАМҰҚАНОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ психологиялық қызметінің бас маманы:

– Студенттер бізге әртүрлі сұрақтарымен келеді. Бізде 3 маман жұмыс істейді. Әрбіреуіне күніне 3 студент келеді.

 

Нұрасыл Ахмет