Sailau banner

Қоғам

Референдумға қатысудың маңыздылығы түсіндірілді

Атом электр станциясын салу бойынша референдум қалай өтеді? Оған әр адамның қатысуы ел үшін қаншалықты маңызды? Аталған науқанға қатысты құрылған штаб өкілдері ақпараттық-түсіндіру жұмысымен жер-жерді қамтып жатыр. Бүгін белсенділер үш бірдей банктің қызметкерлерімен кездесіп, референдумның маңыздылығын түсіндірді.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, референдум жөніндегі облыстық штабтың мүшесі:

– Президенттің Жолдауымен таныстырдық. Ел басшысы халықтың даусын есту үшін, ойларын білу үшін референдум жүргізіп жатыр. Әрбір күнге құрылған жоспарымыз бар. Сол бойынша Жолдауды азаматтарға түсіндіріп, шақырту жүргізетін боламыз.

Әр адамның даусы маңызды. Неге? Өйткені, бәрін қоса келгенде қоғам пікірі пайда болады. Бұл ел дамуы үшін қажет белгілі бір шешім қабылдауға ықпал етеді.

ЮЛИЯ ОРЛОВА, қаржы ұйымының қызметкері:

– Мен референдумға қатысамын. Бұның жауапкершілігі зор. Дауыс беру арқылы мен өзімнің азаматтық ұстанымымды білдіремін. Өз ойым – елге атом электр станциясы қажет. Мұндай заманауи қуат көзі алдағы уақытта біраз шығынды реттеуге, өзге энергияны үнемдеуге, тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл – еліміздің дамуы үшін нық қадам деп есептеймін.

Еске сала кетейік, атом электр станциясы бойынша референдум қазанның 6-сында өтеді.

 

Мәдина Қаби