Sailau banner

Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев: Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылуға тиіс

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Если землю взяли с нарушением закона и не используют, то эта земля должна быть возвращена государству, причем по упрощенной процедуре. Но если землепользователь добросовестно работает, вложил инвестиции, то нельзя разрушать действующее производство.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев апта басында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дәл осылай деді. Пайдаланылмай жатқан әр метр мемлекет меншігіне өтіп, еңбекке құштар азаматтарға берілуі тиіс. Бұл жұмыс Қызылжар ауданында жоспарға сай жүзеге асып жатыр. Көрсеткішке көңіл толады.

РУСЛАН АСПАНОВ, Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

– Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жөніндегі тапсырма алғаш 2022 жылы берілді. Содан бері ауданда 20 мың гектардан астам аумақ қайтарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы ғана емес, елді мекендерге тиесілі төңіректер де алынды. Бірқатар бұзушылық анықталды. Ал өткен жылы 9,3 мың гектар жерді қайтардық. Оның 1,5 мыңы – ауылдардың жайылымдары. Осы сандарға сүйене отыра, жоспар 100 пайызға орындалды дегім келеді.

Биылғы жоспар – пайдаланылмай жатқан 7 мың гектарды қайтару. Бүгінгі күнге дейін көзделгеннің жартысы мемлекетке өтіпті. Бөлім басшысының пікірінше, қалған іс қазан айында аяқталмақ.

РУСЛАН АСПАНОВ, Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

– Биылғы жоспарда егістік алқаптар да, жайылымдар да бар. Бұл жер телімдері пайдаланылмаған және заңға қайшы әрекеттер арқылы ұсынылған. Ескерер жайт, меншік бірден алынбайды. Өзіміздің әрекет ету тәртібіміз бар. Алдымен тұлғаға ескерту жасалады және алдағы 1 жыл ішінде пайдалану қажеттігі жөнінде айтылады. Егер міндет орындалмаса, жер қайтарылады.

Осы орайда еңбекқор әрі көтере алмас шоқпарды белге байламайтын азаматтардың құлағына алтын сырға! Тәркіленген учаскелер қайта бөлініп, конкурсқа шығарылады. Сол жерде егістік алқапқа немесе жайылымға қол созуға болады.

 

Байболат Құлтанов