Әлеуметтік желіде жасырынған қуды қалай анықтау керек? Құрығына қалай түспеуге болады? Мәселе өзекті. Жыл басынан бері облыста 528 интернет-алаяқтық тіркелген. Оның 65-і дүниежүзілік желіде “ақшаны айналдыру” және “тез байыту” сияқты сылтаулармен байланысты. Аңғал жан, ақпараттандырылмаған адам бұндай алданыш сөздерге сеніп қалуы оп-оңай-ақ. Оның арасында жастар да жапа шегуі ықтимал. Алаяқты табу қиын. Өйткені, көбі басқа елде отырып әрекет етеді. Қулар жастарды жалған жұмыс ұсынып тартуы мүмкін. Қазіргі тиімді күрес құралының бірі – алдын алу дейді мамандар. Осы ретте тәртіп сақшылары колледждерді аралап, ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізіп жатыр.
МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:
– Әр екінші қылмыс дропперлердің қатысуымен жасалады. Бір қылмыстық іске қатысы бар дропперлердің саны 5-ке дейін жетеді. Осыған байланысты біз колледж студенттеріне әлеуметтік желілерде жұмыс іздеу барысында алаяқтардың тұзағына түспеу жолдарын баяндаймыз.
Данаш Хамза