Sailau banner

Қоғам

Әр дауыс маңызды

Кезекті референдумға шақыру. Бүгін жастар ресуртық орталығының мүшелері қаладағы сауда нысандарының бірінде жаднама таратты. Бір парақ қағазда референдумның өтетін күні мен оған қатысудың маңыздылығы туралы жазылған.

АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, қалалық жастар ресурстық орталығының мүшесі:

– Науқанға неғұрлым көп адам қатысса, соғұрлым жақсы. Өйткені, бұл атом электр стансасын салуда нақты шешім қабылдауға ықпал етеді. Сол себепті, кездескен адамға әуелі референдум жайлы айтамыз, содан кейін оған қатысудың маңыздылығын түсіндіреміз. Көбі бұл науқаннан хабардар, белсенді түрде өз пікірімізді білдіреміз деп жатыр.

Осы орайда тұрғындардың пікірін білдік.

– Қазақстан осындай энергия көзіне мұқтаж. Біздің жас кезімізде стансаның, әрине, зияны көп болды, бірақ, қазір қауіпсіз деп жатыр ғой. Заман өзгерген сайын қуатты орталықтың қажеттілігі де артып жатыр.

– Негізі, қарсы емеспін. Не дегенмен, жақсылық қой. Артында егер жамандықтары болмаса, алға ұмтылғанымыз дұрыс.

 

Мәдина Қаби