Sailau banner

Қоғам

Референдумға шақыру

Бүгін облыс орталығындағы ойын-сауық және сауда орталықтарының бірінде қала белсенділері тұрғындарға арнап ерекше шара ұйымдастырды. Оның мақсаты – 6-шы қазан күні өтетін референдумға қатысуға, дауыс беруге шақыру. Қоғамдық жұмысқа құлшына кірісетін жерлестеріміз кездескен әрбір жанмен тілдесіп, ақпарат ұсынды. Жастар ресурстық орталығының өкілдері айтулы оқиғаға дейін осылай жер-жерді аралап, жұртшылыққа шақыру таратпақшы.

ДАМИР ӘБДИН, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Біз мұндай іс-шараны бірінші рет өткізіп жатырмыз. Ертең “Dostyq mall”, кейін “Рахмет” сауда үйінде шақырту тарататын боламыз. Әрбір азаматтың дауысы өте маңызды. Себебі, еліміздегі маңызды шешім азаматтардың пікірлеріне байланысты қабылданатын болады. Мен өзім АЭС салынғанын құптаймын. Қазақстан оған мұқтаж.

 

Мәдина Қаби