Sailau banner

Ауыл шаруашылығы

Орақ науқанының барысы

Өңірде жаңбыр толастамай тұр. Теріскейлік диқандар қолайсыз ауа райына қарамастан күні-түні тер төгіп жатыр. Бүгінде 441 мың гектарға жуық жердің дәнді және дәндібұршақты дақылы жиналып, 762 мың тоннасы бастырылды. Гектар берекелгі 17,3 центнерді құрап отыр. Облыста жиынтық сыйымдылығы 3,2 млн тоннаны құрайтын 46 элеватор жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, агроқұрылмыдардың өзінің астық қабылдау пункттері бар. Осындай 332 нысанға 3,7 млн тонна өнім сыяды. Орақ науқанына 7 мыңнан астам техника тартылған. Еске сала кетейік, биыл өңірде 4,4 млн гектар аумаққа егін егілген. Оның 3 млн-нан астамын дәнді және дәндібұршақты дақыл алып жатыр.

 

Данаш Хамза