Sailau banner

ТЖ

Құтқарушылар “Апатпен күрескені үшін” медалімен марапатталды

Көктемде болған су тасқыны келе жатып қорқытты, жетісімен күшімен үрей туғызды, кетісімен орасан зор шығын қалдырды. Алапат апатпен күресте алдыңғы шепте өзгелермен бірге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де жүрді.
Адамдар мен олардың жануарларын құтқарды, күні-түні түсіндіру жұмыстарын жүргізді, кейін су сорып, салдарымен күресті. Бүгін бір топ құтқарушы “Ақ жол” партиясының атынан “Апатпен күрескені үшін” медалімен марапатталды. Кеудесіне медаль таққан 30 маманның бірі – аға инженер Дина Жапарова.

ДИНА ЖАПАРОВА, СҚО ТЖД бөлімінің аға инженері:

– Ағымдағы жылдың көктем кезінде болған су тасқыны, әрине, халқымызға оңай болған жоқ. Дегенмен, СҚО ТЖД қызметкерлері тиісті барлық іс-шараларды жасады. Біздің департаменттің қызметкерлері мен құтқарушылары шаршап-шалдықса да күні-түні өздерінің қызметтерін адал және барлық күш-жігерлерін салғанның арқасында көп үйлерді құтқарып қалды.

 

Данаш Хамза