Sailau banner

Мәдениет

Бүгін – А.Байтұрсынұлының туған күні

Тіл – халықтың қазынасы. Бұлай деп қазақтың маңдайына біткен ақын, жазушы А.Байтұрсынұлы айтып кеткен. Бүгін – тарихи тұлғаның туған күні. Осыған орай халық ағартушысының есімі берілген 9-шы орта мектепте дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. Оған “Өрлеу” орталығында біліктілігін арттырып жүрген қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері, аталған мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Айбарыс Дәулетхан Тимирязев ауданындағы Белоградов орта мектебінде еңбек етеді. Педагогтың айтуынша, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын жас ұрпаққа оқыту – әр мұғалімнің парызы.

АЙБАРЫС ДӘУЛЕТХАН, Белоградов орта мектебінің мұғалімі, Тимирязев ауданы:

– Мақсат – А.Байтұрсынұлының шығармаларын инновациялық жолмен, әдістерімен түсіндіру, оны жеткізу. Ақынның шығармаларын оқушыларға үйрету ұстаздарға берілген міндет деп ойлаймын.

«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады». Бұл – дана тұлғаның айтып кеткен құнды сөздерінің бірі. Асыл сөз ұрпақтан ұрпаққа жетіп жатыр. Ахмет Байтұрсынұлын тіл мен ұлт келешегі толғандырған. Оның ұрпаққа қалдырған мұрасы жайлы бүгінгі жиында талқыланды.

ГҮЛЗАТ ӘЛЖАНОВА, “Өрлеу БАҰО” АҚ СҚОФ аға оқытушысы:

– Шараның маңыздылығына тоқталатын болсам, біріншіден осы жердегі педагогтер өзара тәжірибе алмасатын болады. Оқыту процесінде А.Байтұрсынұлының шығармаларын оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдердің тиімділігіне көз жеткізетін болады.

Педагогтер А.Байтұрсынұлының тағылымына арналған жиындарды жиі өткізбек ниетте.

 

Мәдина Қаби