«Қазсушар» кәсіпорны облыстық филиалының мамандары Табиғи монополияларды реттеу комитеті жергілікті департаментінің көмегімен мемлекеттік органдар, жұртшылық пен БАҚ өкілдері үшін Сергеевка қаласында баспасөз турын өткізді. Қатысушылар Сергеев су қоймасымен танысты, жаңа жабдықтарды көрді, инвестицияның негізгі бөлігі қандай мақсатқа жұмсалатынын білді.
ЕРЛАН ӘБУҒАЛИЕВ, «Қазсушар» РМК СҚОФ директорының міндетін атқарушы:
– Биылғы жылы инвестициялық бағдарлама 3,7 млн теңгені құрады. Бұл қаражатқа 2 дана жапқыш сатып алынды. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде 1,5 миллион теңгеден астам қаражат үнемделді. Қалтада қалған қаржы жаңа негізгі заттарды алуға жұмсалады. Жоспар бойынша инвестициялық бағдарлама жыл соңына дейін 100 пайызға орындалады.
Байболат Құлтанов