Sailau banner

Білім

Құтқарушылар оқушыларға түсіндіру жұмысын жүргізді

Құтқарушылар мен кіші жастағы балалар мектепте емес, дүкенде кездесті. Мұндағы мақсат – ұл-қыздарға қауіпсіздік шаралары жайлы айту. Надежда Крупская атындағы №10 орта мектебінің оқушысы Ростислав Аверин тиісті ережелерден хабардар. Оған үйде ата-анасы жиі айтып отырады екен.

РОСТИСЛАВ АВЕРИН, Н.Крупская атындағы №10 орта мектебінің оқушысы:

– Балаларға отқа қатысы бар дүниелерге мүлдем жолауға болмайды. Себебі, біз ондай заттарды дұрыс қолдану ережелерін білмейміз. Балконға да жалғыз шығуға тыйым салынады. Әйнектен құлап кетуіміз мүмкін. Сонымен қатар, мені ата-анам ешқашан үйде жалғыз қалдырмайды, өте қауіпті деп айтып отырады.

Құтқарушылар балаларға қауіпсіздік шарасы жайында ғана баяндап қойған жоқ. Оларға неше түрлі қызықты сұрақтар қойып, ойын ойнады.

Білікті мамандар балалармен осылай жиі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Мектеп қабырғасында да кездесіп тұрады.

ДАНИЭЛЬ САРКИСЯН, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас анықтаушысы:

– Ата-аналар өз балаларын дұрыс қадағаламағандықтан қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Біз балалардың қауіпсіздік шарасын толық білгенін қалаймыз. Үлкен кісілерден сұрайтынымыз, үйде жеткіншектердің құлағына құйып отырыңыздар. Біздің айтқанымыз аздық етеді.

Еске салайық, егер де төтенше жағдай туындаса азаматтар 101 және 112 нөміріне хабарласа алады.

 

Мәдина Қаби