Sailau banner

Мандат

Серік Әбілдин: Жол дұрыс болса, халық ауылдан кетпейді

Серік Кеңесұлы – Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты.
Өзі өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді, депутаттыққа жергілікті халық ұсынған екен. Халық қалаулысының айтуынша Уәлиханов ауданында жол жағдайы сын көтермейді. Өткен жылдан бастап қана дұрыс көңіл бөлініп жатыр дейді. Ауданда биыл жол жөндеуге қатысты 9 жобаға 5 млрд теңгеден астам қаржы бағытталыпты. «Мандат» бағдарламасында депутат жол жағдайы, оны жөндейтін мердігердің тендерге қатысу жауапкершілігі мен жұмыс істеу сапасы туралы айтты. Серік Әбілдин жолды жөндеу барысына қоғамдық бақылау жүргізілуі тиіс деген пікірде.