Sailau banner

Қоғам

Облыста 30 мыңнан аса оқушы тегін тамақтандырылады

Бұл – Қожаберген жырау атындағы 6-шы мектептің асханасы.
Бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақ ішіп жатыр. Бүгін аспаз апайлары палау пісіріп, көкөніс салатын жасапты. Ертең ботқа, бейсенбі котлет пен макарон, жұма күні сорпа ішеді. Бұл – бір апталық ас мәзірі. Апта сайын өзгеріп отырады. Міндетті түрде қасына салаттан қосылып беріледі. Компот немесе шәй ішеді.

АҚНҰР БЕЙСЕНБАЕВА, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің әлеуметтік ұстазы:

– Бұл мәзірге әртүрлі азық-түліктер қосылған. Оның құнарлылығын және сапасын күнәра медициналық қызметкерлер келіп, тексеріп отырады.

6-шы мектепте мыңнан астам оқушы болса, соның 400-ден астамы – бастауыш сынып оқушылары. Яғни, күніне бір рет тегін ыстық тамақ ішеді. Қарны тоқ бала сабақты да жақсы оқиды.

– Маған мектептің тамақтары ұнайды. Олар өте дәмді. Тамақ ішіп болған соң, аспазшы апайларға рахмет айтып кетемін. Асхананың тамақтары өте дәмді.

Облыста биылдан бастап бастауыш сынып оқушылары түгел тегін ыстық аспен қамтылып отыр.

ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, СҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы:

– Егер облыста 30 мыңнан астам бастауыш сынып болса, оның 3 жарым мыңнан астамы жалпы оқыту қорынан тамақтандырылады. Әрбір балаға 614 теңгеден бөлініп отыр.

Айта кететін жайт, балаларға арналған ас мәзірінде шұжық және қуырылған тағамдар болмауы керек. “Ас – адамның ауқаты” демекші,
ұрпақ денсаулығының мықты болуы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор.

 

Мәдина Қаби