Экономика және қаржы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Агроөнеркәсіпті дамытуымыз қажет

Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында ауыр шаруашылығын дамыту жайлы сөз қозғаған болатын. Ол үшін, әрине, диқандарға қолдау көрсету қажет. Сол мақсатта “Кең дала” бағдарламасы іске қосылды. Бұл аграрилер үшін өте тиімді. Себебі, бағдарлама арқылы көктемгі және күзгі жұмыстарға 5-ақ пайыздық үстемақымен қаржы бөленеді. Тиісінше, іскер жандар оны 1 жылдың ішінде қайтаруы тиіс.

ГҮЛБАРШЫН ДӘУЛЕТБАЕВА, “DAMU” кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ СҚОФ директоры:

– Агроөнеркәсіп кешенінің 70 пайызын мемлекет қаржыландырады. Біздің филиал ұсынатын кредиттің максималды көлемі – 1,5 млрд теңге. Бұл өте тиімді. Себебі, бұрын фермер 100 пайыздық кепіл ұсынды. Қазір қарыздың 15 пайызына ғана кепіл қажет. 2-ші деңгейлі банктер қарыз ұсынады. Ал 85 пайызын “DAMU” қоры кепілдендіреді. Бұл – фермерлер үшін зор мүмкіндік.

 

Нұрасыл Ахмет