Sailau banner

Спорт

Қарақоға ауылында жастардың спортқа қызығушылығы зор

Қарақоға ауылы – нағыз күресшілердің ауылы десек артық болмас. Биыл ауылда жаңа спорттық зал ашылып, мектепте оқып жатқан оқушылардың барлығы дерлік бос уақыттарында осында келіп жаттығады. Сұңқар Зараптың грек-рим күресімен айналысып жүргеніне 8 жылдан асқан. Өзі – Қазақстан чемпионатының екі дүркін чемпионы.

СҰҢҚАР ЗАРАП, күресші, М.Жұмабаев ауданы:

– Менің спортқа деген ынтамды ашқан – менің ағам. Ағамның өзі де кішкентай кезінен спортпен айналысқан. Мен екі дүркін Қазақстан чемпионымын және Азия чемпионатында 3-ші орын алдым.

Спорттық залда грек-рим күресімен айналысып жүрген жастардың саны 60-қа жуықтайды. Қос білікті жаттықтырушы бар. Екеуі кезектесе отырып, ересектерді бір бөлек, кіші жастағыларды бөлек дайындайды.

ЖАҚСЫЛЫҚ ӘЛЕНОВ, жаттықтырушы, М.Жұмабаев ауданы:

– Балалардың дәрежелері өте жақсы. Біз республикалық, халықаралық және Азия чемпионаттарында жақсы нәтиже көрсетіп тұрамыз. Балалардың жастары 5-тен басталады. Оларды бірінші біз акробатика және гимнастика жаттығуларына үйретеміз.

Алдағы жоспар – күрес залын спорттық құрал-жабдықтармен қамту.

 

Мәдина Қаби