Sailau banner

Білім

Елімізде “Цифрлық мұғалім” жобасы бастау алды

Елімізде қыркүйектің 1-інен “Цифрлық мұғалім” жобасы бастау алды.
Жоба мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан және үлгерімі төмен балаларға негізгі пәндер бойынша білімін толықтыруға мүмкіндік беру. Осы орайда өңірде 8 -ші мен 11-ші сынып аралығында оқитын 330-дан астам бала қамтылып отыр. Бейінді басқармаға қарайтын әдістемелік орталық әдіскері Жайнагүл Оспанованың айтуынша аталған санаттағы балалар қашықтықтан білім алу үшін тиісті құрал-жабдықпен қамтылады.

ЖАЙНАГҮЛ ОСПАНОВА, әдістемелік орталық әдіскері:

– Жобаны Білім министрлігі балалардың білім сапасын арттыру үшін алгебра, геометрия, химия, Қазақстан тарихы сияқты негізгі пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін ұйымдастырып отыр. Негізгі пәндер бойынша білім алушылардың білімін арттыру, цифрлық білім беру ресурстарын, бейнесабақтарды, электронды оқулықтарды, білім беру платформаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Цифрландыру мәселелерінде мұғалімдерге қолдау көрсету. Үлгерімі төмен білім алушыларға психологиялық, академиялық және когнитивті қолдау көрсету. Академиялық қолдау көрсетуде 2 пән бойынша жеке оқыту, күрделі және көлемді тақырыптар бойынша кеңес беру.

 

Данаш Хамза