Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтарАуыл шаруашылығы

Ақжар ауданында орақ науқаны басталды

Ақжар ауданындағы “Ақниет Агро и К” серіктестігі 17 мың гектарға жуық жерге егін сепкен. Қазір орақ науанына қызу кіріскен. Негізі, күзгі өнім берекелі дейді ақниеттіктер. Сұлыны жинап алыпты, гектарына 30 центнерден шыққан. Қазір арпа мен бидайды оруға кіріскен. Бидай да гектарына 25-30 центнер болады деп топшылап отыр диқандар.
Алаңдататын мәселе – ауа райы. Мақсат – астықты шашау шығармай уақытында жинап алу, ылғалдысын – кептіру.

БАЙБОЛАТ МҰХАМАДИЕВ, «Ақниет Агро и К» ЖШС бас агрономы, Ақжар ауданы:

– 25-30 центнер аламыз деп жоспарлап отырмыз. Техникамыз жеткілікті: шетелден келген 13 комбайн бар. Техникамыздың барлығы жұмылдырылған. Егетініміз: бидай, лен, чечевица, кукуруза, сенаж. Сенажды 5 мың-6 мың гектар дайындап қойдық. Қысқа малға дайын.

МАРАТ ШӘПЕНОВ, «Ақниет Агро и К» ЖШС басшысы, Ақжар ауданы:

– ХПП-ны өткен жылы модернизациядан өткіздік. 1 млрд 300-ге. ХПП-ның қабылдайтыны – 6 мың тонна. Мына сушилканы салдық. Сағатына 40 тоннасын кептіреді. Бір күнде бір жарым мың тонна кептіре алады. ХХП-ның 3 қабылдау пункті бар. Осы үш жерден 2,5 мың тонна ала аламыз.

 

Анель Шаяхметова