Sailau banner

Білім

Абай атындағы мектеп-гимзаниясында 125 бала 1-ші сыныпқа барды

Петропавлдағы 19-шы шағын ауданда орналасқан Абай атындағы мамандандырылған қазақ меткеп-гимназиясына биыл 125 бүлдіршін 1-сыныпқа барды. Білім күніне орай мұнда да салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

ШЕГЕБАЙ НҰРҒОЖИН, Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының директоры:

– Оқушылар мен ата-аналарға биылғы оқу жылында сәттілік тілеймін. Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауына байланысты біртұтас тәрбие жұмысына өте маңызды назар аударатын боламыз. Ұлттық тәрбие, ұлттық құндылық бағытында биыл ерекше жұмыстар атқарылатын болады.

Аружан Бейсембаева – 11-ші сынып оқушысы. Сыныптастарының алды, озат. Мектеп түлегі болашақта дәрігер болуды армандайды.

АРУЖАН БЕЙСЕМБАЕВА, оқушы:

– 2014 жылы осы мектептің табалдырығын аттап, бүгін 11-сыныпқа көшіп отырмын. Болашақта өзімді дәрігер ретінде көремін. ҰБТ-ға биология мен химия пәндерін таңдап жатырмын. Осы орайда биылғы түлектер мен 1-сынып оқушыларын Білім күнімен құттықтаймын.

1-сыныпқа қабылданған бүлдіршіндер тақпақ айтып, ән де шырқап берді. Кейін көптен күткен сәтке де кезек келді. Мектеп табалдырығын аттаған балғындар үшін алғашқы қоңырау соғылды. Биыл 1-сыныпқа барғандардың арасында Балым Медетқызы да бар.

БАЛЫМ МЕДЕТҚЫЗЫ, оқушы:

– Менің атым – Балым. Мен 1-сыныпқа сабақ оқу үшін келдім. Жаңа достар табамын.

Айта кетейік, биыл бұл мектеп бес 1-сыныпқа бүлдіршін қабылдаған.