Sailau banner

Мәдениет

Тұрғындарға мерекеге орай жалаушалар таратылды

АНЕЛЬ ШАЯХМЕТОВА, тілші:

– Ата Заңымыздың қабылданған күні Петропавлда жылда кең көлемде аталып өтіледі. Биыл ауқымды мерекелік бағдарлама әзірленді. Онда ән де, би де бар. Облыс орталығы бір-ақ күнде думан мекеніне айналды.

Көкте әуелеген ән. Бүгін Петропавлдық басты көшесінде Конституция күні тойланып жатыр. Мемлекеттік маңызды мерекені атап өтуге жалындаған жастар ат салысып жатыр. Олар бүгін арнайы акция ұйымдастырыпты.
2 мыңға жуық жалауша жинап, оны тұрғындарға табыс етті.

ДАМИР ӘБДИН, қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Бұл шараны өткізудегі мақсат – жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді молайту. Осы орайда жалаушаларды көбінесе жастардың қолына ұстатамыз. Содан кейін Конституцияға қатысты сұрақтар қойып жатырмыз. Біразы дұрыс жауап берді. Бұл – қуантарлық жайт.

Сонымен қатар, мерекелік сахнада қазақтың рухты әндері шырқалып, би биленді.

Концерттен бөлек петропавлдықтар үшін түрлі ойындар да ойнатылып жатыр. Тақырыбы ретінде Ата заң негізге алынған сауланамада дұрыс жауап берген адамға сыйлық берілді.

ЛӘЗЗАТ ЕРҒОЖИНА, И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапханасының бөлім меңгерушісі:

– Әр мереке сайын осындай қызықты ойындар ойнатамыз. 1 және 9-ші бөлімдердің арасындағы баптар бойынша сұрақтар қоямыз. Қатысушылар ең соңына дейін жетуі керек.

Бұл күні шеберлік сабақтары да қанат жайды. Гүл бүгінгі мереке сияқты адам жанын жайнатып салады. Қызығушылық білдірген қыз-келіншектерге оны дұрыс топтастыру үйретіліп, бас киімді безіндіру үлгілері көрсетілді.
Бүгін бүкіл өңір жұртын жиып отырған себеп – Конституция күні. Тұрғындар концерт тамашалады, таныстарын кездестірді, танымдық сауалнамаларға қатысты, тәтті-дәмдіден дәм татты. Ең бастысы, бір-бірін құттықтап, амандық-саулық тіледі.

– Осы мерекені бүкіл қазақстандықтар тойлап жатыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген үмітпен осы алаңға келіп, Конституция күнін қарсы алудамыз.

– Жерлестерімізді шын жүректен осы мерекемен құттықтаймын. Бұл – біздің егемендігіміз және көк байрағымыз көтерілген мереке. Сондықтан, әр шаңырақта мереке мен тыныштық болсын.

– Бүгін барша қазақстандықты Конституция күнімен құттықтаймын. Отбасымен осы мерекені тойлаңыздар. Елімізге бақыт, береке тіледім.

 

Анель Шаяхметова