Sailau banner

Қоғам

Есіл ауданында Конституция күні кең көлемде аталып өтілді

НҰРАСЫЛ ЕРЖАНҰЛЫ, тілші:

– Ата Заң – еліміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің тұғыры. Бүгін- ҚР Конституциясы күні. Маңызды құжаттың қабылданғанына 29 жыл толып отыр. Осынау айтулы мерекені есілдік ағайын да ерекше атап өтуде. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан орталық алаңға жиналған тұрғындардың қарасы қалың. Мұнда ауыр шаруашылығы жәрмеңкесі мен көріп тұрғандарыңыздай концерт өтіп жатыр.

Мына әсем көрініске қарасаң, көз сүйсінеді. Ауданның әр ауылдық округінен келген жандар шатыр тігіп, ауылдық таза табиғи өнімдерді ортаға қойды. Мұнда керектінін бәрі бар. Бір ерекшелігі, әрбіреуінің құны дүкендегі тауарлардан гөрі 15-20 пайызға арзан.

ДАЛАБАЙ ҚАБДУАЛИЕВ, Николаев ауылдық округінің әкімі, Есіл ауданы:

– Николаев ауылдық округінен тек табиғи таза өнімдерді ғана әкелдік. Олардың ішінде сүт өнімдері, ет және бал бар. Мысалы, қала базарларында май 6500 теңге тұрса, бізде – 5000 теңге.

Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Мереке Мұхамедияров та қатысты. Ол әр қосынға барып, мейраммен құттықтап, дәмдерден ауыз тиді. Аймақ тұрғындары мен қонақтарына арнап аудандық Мәдениет үйінің әртістері өз өнерлерін паш етті.

Мерекені тойлауға келген халық, осындай іс-шара өткізіліп жатқанына дән риза. Барлығы бір-бірін құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

Ауданда мерекеге орайластырылып футболдан турнир өтіп жатыр. Теңбіл доп додасына, тіпті, облыс орталығынан команда келген екен.

АЗАМАТ ШОТКИН, Есіл ауданы спорт мектебінің басшысы:

– Барлығы – 5 команда қатысуда. Кеше теннис, волейбол және шахматтан жарыстар өткіздік.

 

Нұрасыл Ахмет