Жаз бойы өткізіліп келе жатқан тазалық шарасы Жеңіс саябағында жалғасын тапты. Бұл жерде халық көп жүреді. Қуыс-қуыста қоқыс жатуы мүмкін.
Қоқыс тастау мәдениетінен хабардар адам оны арнайы жәшікке салса, білмейтіні аяқ астына тастай салуы мүмкін. Саябаққа қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жангелді Тәжин бастап келген бір топ белсенді
аумақты ретке келтіруге кірісті.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы:
– Президенттің ұсынысымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы, бұл – біздің халқымыздың көптен келе жатқан дәстүрі. Табиғатты аялау, тазалықта ұстау, таза жүру, адамның таза мінез-құлқының болуы, бұл – ұлттық дәстүріміз. Соған байланысты біздің ардагерлеріміз ат салысып, шараға қатысуымыз заңдылық деп ойлаймын.
Жаз бойы бетіне шаң қонған ескерткіш тақтайшаларға өң кірді. Жерде жатқан қоқыс-пластик жиналды. Қапқа салынып, полигонға апарып төгіледі.
БЕКЗАТ ЛАТЫПОВА, «Жастар рухы» ЖҚ консультанты:
– Осыған дейін партия филиалы акцияны қала сыртындағы аумақтарда өткізген болатын. Осы жолы қала ішіндегі саябақтарда және ескерткіштердің аумақтарында жүргізіп жатыр.
Экоакцияға 30-дан астам азамат қатысты, оның 20-дан астамы – белсенді жастар.
Мәдина Қаби