Sailau banner

Спорт

Жасөспірімдер клубтары арасында футболдан жарыс өтті

“Жастар” стадионында Конституция күніне орай жасөспірімдер клубтары арасында футболдан жарыс өтті. Спорттық шараны ұйымдастырушы ұйым – ресурстық орталық. Сайысқа 4 аулалық команда қатысты. 1-ші орынды “Жеңіс” клубы жеңіп алды.

ДАМИР ӘБДИН, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Мұндай шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Келесі аптаға тағы біреуін жоспарлап қойдық. Бұл ретте жоспар ауқымды. Шаралар күзгі айларда кеңінен жалғасын табады. Мақсат – жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

 

Данаш Хамза