Sailau banner

Қоғам

Петропавлда тауарөндірушілердің көрмесі өтіп жатыр

«Бір ауыл – бір өнім». Облыс орталығында аталған жоба қатысушылары көрмеге қатысып жатыр. 20-дан астам тауарөндіруші өздері өндіретін тауарларды таныстырды. Аталған іс-шараны өткізудегі мақсат – бірегей өңірлік өнімді анықтау және жергілікті бренд құру. Жоба қатысушылары – сүт, ет, бал, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдерін өндіреді және ұлттық үлгідегі киім тігіп, ағаштан түрлі бұйым жасайтындар. Соңында іріктеліп алынған 10 адам келесі кезеңге өтеді. 3 жеңімпаз өз өнімдерін республикалық көрмеде таныстырады.

 

Данаш Хамза