Sailau banner

Экология

Петропавлда қоқыс полигоны толудың аз-ақ алдында тұр

Петропавлда қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселе күрделене түсетін сыңайлы. Бүгінде шаһар сыртындағы полигон толудың аз-ақ алдында тұр. Жоспар бойынша келер жылы қоқыс тастайтын орын болмайды. Тағы бір проблема – күніне тонналап төгілетін артық заттардың өздігінен жануы. Оттың бас көтеруі салдарынан қоршаған ортаға зиянды дүниелер таралады. Бұған жол бермеу үшін қазір «Қызылжар Тазалық» серіктестігі тиісті жұмыстармен айналысуда.

ТАТЬЯНА КОВТУН, «Қызылжар Тазалық» ЖШС экологы:

– Полигонның қызмет ету мерзімі 2025-те аяқталады. Яғни, келер жылы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының толуы 100% жетеді. Бұдан кейін аумақ қараусыз қалмайды. Біз төңіректі қайта құнарландыруға кірісеміз және басқа да қажетті іс-шаралар жүргізіледі. Бұл бағытта жоспар әзірленген.

 

Байболат Құлтанов