Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі мен «Қазпошта» төрайымы меморандумға қол қойды

СҚО-ның әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасовамен кездесіп, облыстық әкімдік пен «Қазпошта» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазіргі таңда «Қазпошта» желілері облыстың 635 елді мекені, сонымен қатар, 115 байланыс бөлімшесі мен 27 жылжымалы бөлімшелерді қамтып отыр. «Қазпоштаның» облыстық филиалында мыңға жуық адам қызмет істейді.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бұл құжат біздің бірлескен жұмысымызды нығайтуға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсатруға бағытталған маңызды қадам. Алдағы уақытта ел дамуы жолындағы қызметіміз жемісті болады деп сенемін.

Құжатта халықтың “Қазпошта” қызметін кеңінен пайдалануын қамтамасыз ету үшін одан әрі дамыту көзделген. Сонымен қатар, шалғай елді мекендердің әрбір тұрғынына «Қазпошта» арқылы мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді қолжетімді ету, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі, цифрлық сауаттылығын арттыру маңыздылығы айтылған.

ӘСЕЛ ЖАНАСОВА, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы:

– Біз әкімдіктермен тығыз жұмыс жасау қажет деп ойлаймыз. «Қазпошта» барлық қаржылық қызметтерді қолдауға дайын. Осы қызметті әрбір елді мекенге де жеткіземіз. Өйткені, әр елді мекенде тек “Қазпошта” бар. Екінші, әлеуметтік осал топтағы адамдарға берілетін көмектерді біздің инструменттер арқылы алса. Ол өте ыңғайлы болады. Осы бойынша әкімдіктер арасында бірлесіп жұмыс жасасақ.

Қазіргі таңда республика бойынша «Қазпоштаның» 3000 бөлімшесінде 20 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.

 

Мәдина Қаби