Sailau banner

Қоғам

Қала тұрғындарының көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берілді

Бүгін Достық үйінің алдында “Ашық есік күні” шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның қаланың бас көшесінде өтуі тегіннен тегін емес. Себебі, бұл аумақта жүретін адамдар өте көп. Игі іске сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, заңгерлер мен қалалық мәслихат депуттары және психологтар қатысты. Олар тұрғындардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Азаматтардың көбі алимент және баспана мәселесі бойынша сауалдарын қойды. Іс-шара қас қарайғанша дейін жалғасын таппақ.

ЖАНСАЯ ЕРСАЙЫН, қала тұрғыны:

– Конституция көшесі бойымен келе жатып осындай іс-шара болып жатқанын кездейсоқ көріп қалдым. Содан соң бірден психологқа жүгіндім. Ол маған жақсы кеңестер берді.

 

Нұрасыл Ахмет