Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Ғабит Мүсірепов ауданында болды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Ғ.Мүсірепов ауданында болды. Аймақ басшысы алдымен Новоишимское ауылындағы «Astana Logistics.kz» серіктестігіне қарасты вагон депосының құрылыс барысымен танысты. Қазіргі уақытта дөңгелек-ролик цехының құрылысы жүргізілуде. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі, қалған бесеуі 27-ші жылы ашылады.

НҰРЛАН ЖҮНІСОВ, «Astana Logistics.kz» ЖШС директоры:

– Здесь у нас получается 11 млрд инвестиций чисто по нашим показателям.

Тепловоз депосының құрылысы да жүргізілуде. Мұнда болашақта Қазақстандағы тепловоздардың барлық түрі жөнделетін болады.

«Kazmeal LTD» серіктестігі қуаттылығын арттырып, кеңейту жұмысын жүргізуде. Тәулігіне өңдеу көлемі 1500 тоннаны құрамақ.

Кәсіпорында 181 адам жұмыс істейді. Орташа айлық жалақы – 323 мың теңге.

Өңір басшысы барған келесі нысан – орталық аудандық аурухана. Ғ.Мүсірепов ауданының медицина саласында кадр тапшылығы байқалмайды. Емдеу орны жаңа, сапалы құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Облыста, оның ішінде Ғ.Мүсірепов ауданында жылыту маусымына қызу дайындық жүріп жатыр. Новоишимское ауылында 7 – автономды, 2 – орталық, 3 коммерциялық қазандық жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Ғауез Нұрмұхамбетов жүзеге асырылып жатқан «Жезқазған-Петропавл» республикалық жолымен танысты. Жолдың өңірдегі үлесі 359 шақырымды құрайды.

Облыс әкімі «Возвышенка-СК» серіктестігінің 1800 басқа арналған тауарлы-сүт фермасында болды. Ғабит Мүсірепов ауданы – астықты өңір. Егістік көлемі 720 мың гектардан асады. Орақ науқанын уақытында өткізу мақсатында аудан шаруашылықтары қоймалар салып, өнімділігі жоғары техника алуда. Күзгі жиын-терім жұмыстары – өзекті мәселе. Толассыз жауған жаңбырдан диқандар алтын дәнді қамбаға құя алмай отыр.

Сондай-ақ, облыс әкімі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізіп, саланы, елді мекендерді дамыту жайлы сөз қозғады. «Возвышенка-СК» серіктестігінің басшысы жұмысшылардың жайлылығына баса мән беріп, оларға үйлер салып жатыр. Биыл екі баспана пайдалануға берілген.

Басты байлығымыз – ауыл шаруашылығы. Облыс басшысы халық алдындағы есептік кездесуінде осыны тілге тиек етті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМЕБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жер 4,4 млн гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 3,3 млн гектар, майлы дақылдар – 674, 2 мың гектар, мал азығы – 435 мың, картоп – 7,5 мың, көкөніс мың гектарды қамтыды. Минералды тыңайтқыш сатып алу қарқыны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда 3,2 млн гектар алқапқа 254,6 мың тонна тыңайтқыш енгізілді.

Жиында аудан әкімі Руслан Аңбаев та сөз алып, даму жоспарлары жайлы баяндады.

РУСЛАН АҢБАЕВ, Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:

– Өнеркәсіп және кәсіпкерлік. «Маслодел» серіктестігі тәулігіне 400 тоннаға дейін рапс, күнбағыс, зығыр майын өндіреді. 1-ші тамыздағы деректер бойынша 42 мың тоннадан астам май өндірілді. Мұның барлығы республикадан тыс жерлерге экспортталады. «Казмил» серіктестігі жаңғыртудан кейін құрамажем өндіру қуатын тәулігіне 400-ден 1500 тоннаға дейін ұлғайтты. Ағымдағы жылдың 1-ші тамызындағы жағдай бойынша Қытайға сатылатын 210 мың тоннадан астам өнім өндірілді.

Баяндамадан кейін аудан тұрғындарымен кездесу өтті, онда облыс әкімі мен барлық басқарма басшылары тұрғындарды толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді. Қойылған сұрақтар әртүрлі. Аймақ басшысы олардың әрқайсысын бақылауға алатынын айтты.

 

Байболат Құлтанов