Sailau banner

Қоғам

Университетте Конституция күніне орай дөңгелек үстел жиыны өтті

“Азаматтық қоғам институтының тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етудегі ҚР Конституциясының рөлі”. Бүгін осындай атаумен жергілікті университет қабырғасында дөңгелек үстел жиыны өтті. Жиынды өткізудегі мақсат – Конституцияның ел өміріндені маңызы мен сан қырлы рөлін көрсету.

ЗӘУРЕ ҚАРТОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ Тарих, экономика және құқық факультетінің деканы:

– Дөңгелек үстелге прокурорлар, тәртіп сақшылары, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері және түрлі партия мамандары қатысуда. Бүгін әрбіреуі сөз сөйлеп, Конституцияның қоғамдағы маңыздылығын айтатын болады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері бағындырған белестері молынан. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шектелмеуі де тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жетістіктеріміздің бірі. Ал оның кепілі мемлекетіміздің басты құжаты – Конституция болып табылады. Ата заңның тарихы тереңде жатыр.

ГҮЛМИРА ӘУБӘКІРОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы:

– Ата заңымыз ежелден бірнеше өзгеріске ұшыраған. Ең бірінші Ата заңымыз сонау қазақ хандығы құрылған кезде енгізілген.

Жиын барысында Конституция күніне орай университетпен тығыз жұмыс істеп жүрген ұйымдар марапатталды. МТРК телеарнасының ұжымына оқу орны басшылығының Алғыс хаты берілді.

 

Нұрасыл Ахмет