Sailau banner

Құқық қорғау органдары

СҚО-да бала жол-көлік оқиғасынан ажал құшты

Саусақпен санарлық күннен кейін жаңа оқу жылы басталады. Жаз бойы алаңсыз демалған балалар мектеп партасына қайта жайғасады. Бұл ретте даладағы ұл-қызына үнемі алаңдайтын ата-ана тағы да уайымға салынады. Оқушылардың оқу орнына жетуі және үйге келуі – кез келген жанды ойландырарлық мәселе.

ГРИГОРИЙ ТЫШ, СҚО ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы:

– Ағымдағы жылдың 7 айы ішінде өңірімізде балалардың қатысуымен 55 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 1 бала қаза тапты және 65 ұл-қыз жарақат алды. Ал жалпы сандарға тоқталсақ, аймақта 231 апат тіркелді. Өкінішке қарай, 21 адам ажал құшты. Жараланғандардың тізімі 315 жүргізуші мен жолаушыдан тұрады.

Осы 231 жол-көлік оқиғасының 192-сі жүргізушінің кесірінен болыпты. 20 адам о дүниелік болған. Осы сандарды қорыта келе, тізгіндегі жандардың ережені елемейтінін ұғынамыз. Тәжірибенің аздығы, немқұрайлық және асығыстық. Осылар өлімге және жарақат алуға әкеліп отыр.

ГРИГОРИЙ ТЫШ, СҚО ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы:

– Ал 15 жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің кесірінен болған. 15 адам жарақат алды. Талдау қорытындысына сүйенсек, жұма және сенбі күндері апат жиі болады. Біздің мамандар күндіз-түні тер төгіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Бірақ, бес саусақ бірдей емес. Биыл облыс жолдарында тәртіп бұзған 41 мыңнан астам адам әкімшілік жазаға тартылды.

Дүйсенбі күні облыс аумағында «Абайлаңыз – балалар!» республикалық акциясы бастау алды. Оның аясында тәртіп сақшылары мектеп аумақтарын бақылауға алып, кем-кетікке назар аударатын болады. Шара қыркүйектің 6-шы жұлдызына дейін жалғасады.

 

Байболат Құлтанов