Sailau banner

Білім

Баланы мектепке дайындау үшін қанша қаржы керек?

Оқу жылы қарсаңында әр ата-ана қолына калькулятор алып, осылай есептеу жүргізетіні сөзсіз. Бір баланы жаңа маусымға дайындау үшін қанша ақша керек? Тауар құнында өзгеріс бар ма? Осы сұрақтарға жауап іздедік.

6 жастағы Диляра биыл мектепке алғаш рет қадам басады. Анасы Әйгерім Шаяхметова қызын мектепке дайындауға тиянақтылықпен кіріскен.

ӘЙГЕРІМ ШАЯХМЕТОВА, қала тұрғыны:

– Екі қызым бар. Үлкені 2-ші сыныпқа көшсе, кішкентайым осы жылы 1-ші сыныпқа барады. Мектепке қажет құрал-жабдықтарды сатып алуды тамыздың басынан бастадық. Өткен жылмен салыстырғанда бағалары қымбаттап кеткен.

Қос қыздың анасы алған дүниелеріне жеке-жеке тоқталды. Кеңсе тауарлары көзге ұсақ болып көрінгенімен қоса келе әжептәуір сома шыққан. Қалам-дәптерге қалтадан 35 мың теңге жұмсауға тура келіпті.

Мектеп формасының бұдан да қымбатқа түсетіні айтпаса да белгілі. Ақ түсті бірнеше жейде, жеңсіз көйлек пен спортқа арналған киімдері бар – бәріне 50 мың теңге жұмсалыпты.

Мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын баласына әр ата-ана су жаңасын әпергісі келеді. Сонда бір баланы киіндіруге орташа алғанда 70 мың теңге кетеді екен. Бағасы ай сайын құбылатын тауарлардың құны оқу жылының алдында шарықтай шөнеледі. Қазақстанда бір жылдың ішінде киім-кешек пен аяқ киім 11,2 пайызға қымбаттапты. Ерлі-зайыптының екеуі бірдей жұмыс істеп, жақсы жалақы алса көңілге қонымды жағдай, әрине. Кейде аналар қауымы бала күтімімен үйде отырады. Осы ретте айта кетеік, өңірде ағымдағы жылдың I тоқсанында жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс орташа алғанда 166277 теңгені құраған.

 

Анель Шаяхметова