Sailau banner

Қоғам

Тасқыннан зардап шеккен зейнеткерлер пәтерге көшті

Петропавлдағы Жильцовтар жанұясы осыдан бір апта бұрын ғана баспаналы болды. Зейнет жасындағы ерлі-зайыпты тасқынға дейін Ойқала ықшам ауданында тұрған. Көктемде үйлерін су басып, бүкіл дүниелерінен айырылыпты. Қиын-қыстау шақта жерлестеріміз пәтер жалдапты. Ал жақында Интернационал көшесі бойындағы бір бөлмелі үйге қоныстанды. Қаланың қақ ортасы. Маңайда қажетті нысандардың барлығы бар. Одан қалды, пәтерлері бірінші қабатта орналасқан.

СВЕТЛАНА ЖИЛЬЦОВА, қала тұрғыны:

– Қазақстанда туғаныма шүкіршілік етемін, мақтан тұтамын. Себебі, еліміздің Президенті осындай қиын сәтте азаматтарды далада қалдырмай, барлығына көмек қолын созып жатыр. Пәтерден бөлек, біз ақшалай, азық-түлік, киім кешек түрінде де бірнеше көмек алдық. Бізге көмектескен әрбір жанға алғысымызды білдіреміз.

 

Мәдина Қаби