Sailau banner

Қоғам

“Qyzyljar” телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

“Qyzyljar” телеарнасына жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл қызметті Разия Ыдырысбаева атқаратын болады. Разия Нижатқызы 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 94-ші жылы “Қазақстан” телекорпорациясынан бастаған. Әр жылдары “Қазақстан” РТРК” АҚ хатшысы, қоғамдық-саяси, спорт және әскери-патриоттық бағдарламалар бөлімінің әкімшісі, “Ел қорғаны” бағдарламасының жүргізушісі, “Еуразия 1” телеарнасында жобалар координаторы, атқарушы продюсері болып қызмет етті әрі “Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісінің иегері. Разия Нижатқызын жаңа қызметімен құттықтай отыра, толағай табыс тілейміз.

 

Нұрасыл Ахмет