Sailau banner

Құқық қорғау органдары

«Назар аударыңыз – балалар!» акциясы бастау алды

Говори! – Один, два, три! – Следующий! Кто хочет?

Полиция қызметкерлері балабақшаға барып, балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп жатыр. Көшені патрульдеп күшейтіліп, білім мекемелерінің жанындағы жол жағдайы тексерілуде. Яғни, тиісті белгілер дұрыс қойылған ба, жеткілікті ме? Кемшін кеткен тұстарды «Дорсигнал» серіктестігінің мамандары дұрыстайды.

АЗАМАТ ЖАМҰҚОВ, СҚО ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

– Жеті ай ішінде облыста балалардың қатысуымен 55 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан бір бала қаза тауып, 65-і жарақат алды. Оқу жылының қарсаңында балалардың жолда жарақат алуының алдын алу мақсатында «Назар аударыңыз – балалар!» республикалық акциясын өткізіп жатырмыз. Осы ретте ата-аналар жиналысына қатысып, тиісті қауіпсіздік шаралары туралы баяндаймыз және білім мекемелеріне жақындатып патрульдеу жүргіземіз.