Sailau banner

Қоғам

“Қызылжар жастары” форумы өтті

Бүгін облыс орталығында “Қызылжар жастары” атты форум өтті. Оған өңірдің түкпір-түкпірінен келген оқушы-студенттер қатысып жатыр. “Qyzyljar” арт-орталығында бас қосқан жастар өмірлік ұстанымдарымен, өз-өзін дамыту жөнінде ойларымен бөлісті.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, «Ассамблея жастары» РҚБ СҚОФ төрағасы:

– Форумның басты ерекшелігі – түрлі тренингтердің өтуі, тимбилдинг жоспарда бар. Осы іс-шараға ең мықты спикерлерді шақырған болатынбыз. Олар бүгін қызықты тақырыпты талқылайын деп отыр. Талқылау жастар арасындағы креативті индустрияға байланысты болады.

Көздерінде от ойнаған жастар қолдаусыз қалмайды. Мемлекет қыз-жігіттерге көмек беруге әзір. Тек олар өз ойларымен елді елең еткізу қажет. Осы үшін бүгінгідей шаралар маңызды.

АЛЕКСАНДР УРМАШОВ, «Ассамблея Жастары» РҚБ өкілдігі төрағасының орынбасары:

– Форум барысында жастар мен спикерлер өз пікірлермен алмаса алады. Біздің арамызда жалынды жастар баршылық. Оларға дұрыс бағыт-бағдар беру керек. Сонда болашаққа жоспар құрады, ойлағандарын жүзеге асырады. Келешек жастардың қолында екенін ұмытпауымыз керек.

Валентина Реутова – қоғамға өз пайдасын сіңіретін жастардың бірі. Қазір білім алып, тәжірибе толықтырып жүр. Болашақта жанына жақын саланың тұтқасын мықтап ұстағысы келеді.

ВАЛЕНТИНА РЕУТОВА, форумға қатысушы:

– Осындай форумға алғаш рет қатысып отырмын. Мен үшін бұл жаңа тәжірибе дегім келеді. Іс-шарадан кейін түрлі идеялар пайда болады және өмірге деген көзқарасым өзгереді деген ойдамын. Уақыт өте келе мақсатыма жете аламын деп үміттемін.

Айта кетейік, жақында облысымыздың жастары ШҚО-да өткен “Бірлік” лагерінен оралды. Онда біздің қыз-жігіттер өзге аймақтардағы қатарластарымен танысып, тәжірибе алмасыпты.

 

Анель Шаяхметова