Қазақстан жаңалықтары

ҚР Үкіметі күш-жігерін келісілген қаржы саясатына бағыттайды

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеді.

“Сондықтан біздің бұдан арғы іс-қимылдарымыз міндеттемелерді, активтерді және тұтастай алғанда мемлекеттің барлық ақша ағындарын шоғырландыруға байланысты болады. Осы мақсатта ұлттық экономиканың сапалы, серпінді дамуы үшін келісілген салық-бюджет, ақша-кредит және салалық саясатты жүргізу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады”, — деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, ол отырыста ұсынылған республикалық бюджет жобасы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық және уақтылы орындауға бағытталғанын атап өтті.

“Біздің алдымызда бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану міндеті тұр”, – деді Олжас Бектенов.