Sailau banner

Білім

“Үздік педагог” атанған ауыл мұғалімі

Мұрат Ортамышев – Қарақоға орта мектебінің ұлағатты ұстазы. 12 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімнің ауыз толтырып айтарлық жетістігі аз емес. Мұрат Жмобайұлы 300-ден астам оқушысы бар мектепте географиядан сабақ береді.
Сабақ беру әдісі ерекше. Пәнді футболмен байланыстырып оқытады.

Яғни, ұстаз бұл әдісті балалардың географияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолданып отыр.

МҰРАТ ОРТАМЫШЕВ, Қарақоға орта мектебінің география пәні мұғалімі, М.Жұмабаев ауданы:

– 2023 жылы “География және футбол” деген жоба әзірлеп, Алматы қаласында сайысқа түстім. Оған әрине көптеген білікті мамандар қатысты. Бағым жанып, бірінші орын алдым. Жұмысым қазылар алқасына ұнады. Ойлап тапқан әдісіме жоғары баға берді.

Мұрат Жмобайұлы осы жобасын өткен жылы республикалық байқауда қорғаған. Ұстаздың айтуынша бұл өміріндегі ең қобалжулы сәттердің бірі болған.

МҰРАТ ОРТАМЫШЕВ, Қарақоға орта мектебінің география пәні мұғалімі, М.Жұмабаев ауданы:

– Маған байқау аясында сабақ беру қажет деп 2-ақ күн бұрын хабарлысты. Бір сыныптың өзінде 40-қа жуық оқушы болатындығын және тақырыптың атауын ғана айтты. Мен сол екі күн бойы сабаққа дайындалдым. Кейін Астанадағы сабақ өткізетін мектепке барсам, 4 мыңға тарта оқушы отыр. Мен өмірімде осыншалықты көп балаға сабақ беріп көрмеппін.

Мұрат Жмобайұлы баланың сабаққа деген ынтасын жоғалтып алмас үшін оқу барысына үнемі жаңалық қосып отыру қажет дейді. Ізденімпаз мұғалімнің шәкірттері де озық болады.

 

Мәдина Қаби