Аптадағы маңызды жаңалықтар

Үміт артар теріскейліктердің тізімі 20 үміткермен толықты

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік кадр комиссиясының отырысы өтті. Жиында кандидаттарды резервке қабылдау мәселесі қаралды. Іріктеу 5 кезеңнен тұрды. Үздіктердің қатарына өту үшін 35 жастан аспаған, жоғары білімді жəне 3 жылдан көп еңбек өтілі бар азаматтар қатысты. Барлығы – 167 өтініш түсті, соңғы кезеңге 34 үміткер жолдама алды. Отырыстың қорытындысы бойынша облыстық кадр резервіне 20 жерлесімізді алу туралы шешім қабылданды. Олар 2 жыл бойы жергілікті мемлекеттік органдардың түрлі лауазымдарына конкурссыз орналасуға мүмкіндік алды.

 

Байболат Құлтанов