НҰРАСЫЛ ЕРЖАНҰЛЫ, тілші:
– Біз қазір “Зеленый север” ЖШС-да тұрмыз. Көріп тұрғандарыңыздай, мұнда тек қияр өсіріледі. Бір ерекшелігі, көкөніс тұқымы Голландия елінен әкелінеді екен. Тиісінше, егілгеннен кейін 4 айдан кейін өнім береді. Білікті мамандардың сөзінше, аптасына 40 тонна өнім алынады.
Мына әсем көрініске қарасаң көз сүйсінеді. Айнала жасыл желекке толы. “Зеленый север” серіктестігі былтырдан бері жұмыс істейді. Жылыжай автоматты климаттық бақылау, тамшылатып суару және көлеңкелеу жүйесімен жабдықталған. Аумағы 37 гектарға жуық. Серіктестікте 50 адам жұмыс істейді. Соның бірі – Бақыт Мұхамедия. Ол мұнда агроном болып қызмет атқарады.
БАҚЫТ МҰХАМЕДИЯ, “Зеленый север” ЖШС агрономы:
– Менің жұмысым – өсімдіктерді зиянкестерден қорғау. Тазалық пен карантиндік жүйенің сақталуына жауап беремін.
Сапалы өнім алу үшін мамандар күні бойы күтім жасайды. Көкөніске жарық таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін беріледі. Кейінгісі тынығу болып саналады екен. Жылыжайдың жылдық қуаттылығы – 3 мың тонна. Құйылған инвестиция көлемі 7 млрд теңгеден асады. Білікті мамандардың сөзінше, нысан іші жылы болғаннан кейін зиянкестер көп келеді. Тиісінше, жәндіктер көкөністің өсуіне біршама кесірін тигізеді екен.
БАҚЫТ МҰХАМЕДИЯ, “Зеленый север” ЖШС агрономы:
– Зиянкестер көбінесе жапырақтың астыңғы жағында болады. Егер өсімдіктің түсі немесе пішіні өзгере бастаса, зиянкес жәндіктер зақымдап жатыр деген сөз. Сол сияқты жағдай орын алса, бас агрономмен келісе отырып бірден тиісті шаралар қолданамыз.
Білікті мамандардың сөзінше, жаздан гөрі қыз мезгілінде көп өнім алынады. Алдағы уақытта мұнда қызанақ пен салат жапырағы егілмек. Серіктестік өңірдегі қиярға деген сұраныстың 40 пайызын жауып отыр.
Нұрасыл Ахмет