Sailau banner

Қоғам

Су тасқынынан зардап шеккен отбасы пәтер кілтін алды

Алёна Музафарова Ойқала ықшам ауданында тұрған. Қос қабатты үйдің жоғарғы бөлігінде өзімен бірге қызы және ата-анасы да тұрып келген. Көктемде болған тасқында қалың су тіпті екінші қабатқа дейін көтеріледі деп кім ойлаған? Күтпеген жағдай жұртты әбден әуре-сарсаңға салғаны белгілі. Өмір бойы жиып-терген мүліктен, үйден айырды. Ақыры тұрған баспаналары жарамсыз деп танылған. Отбасының материалдық шығыны 11 млн теңге деп есептелген. Жанұя жуырда жаңа пәтерге кірді. Баспана аумағы 35 шаршы метрді құрайды.

АЛЁНА МУЗАФАРОВА, қала тұрғыны:

– Біз тұрған үйде 8 пәтер болды. Тасқын кезінде барымыздан айырылдық. Шығынның орнын толтырғандарына шүкіршілік етіп отырмыз. Қазір жаңа қонысқа үйренісіп жатырмыз. Қиын кезде бізге қолдау білдірген жандарға ризашылығымызды білдіреміз. Пәтерді өзіміз таңдадық. Біз үшін ыңғайлы жерде орналасқан. Қаланың орталығы. Қажет нысандар жақын жерде.

 

Анель Шаяхметова