Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлдағы «Динамо» стадионында жасанды футбол алаңы пайдалануға берілді

Қазақстан футбол федерациясы Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы «ALAÑ» жобасын іске қосты. Үш жылға арналған бағдарламаға UEFA қолдау көрсетеді. Оның аясында елде 20 футбол алаңы қайта жаңартылмақ. Бүгінде аталмыш іс республиканың 4 өңірде тындырылды. 5-ші алаң Петропавлдағы «Динамо» стадионы ел игілігіне пайдалануға берілді. Енді өңірде UEFA-ның барлық халықаралық талаптарына сәйкес келетін су жаңа футбол алаңы бар.

СЕРГЕЙ ПОПОВ, «ALAÑ» жобасының жетекшісі:

– Мұнда ескі жабынды бөлшектеу жүргізілді, негіз толығымен жасалды. Көп жерде шұңқырлар болды, сондықтан бәрін тегістедік. 300 тоннаға жуық инертті материал әкелінді. UEFA-ның барлық халықаралық талаптарына сәйкес келетін итальяндық safitex компаниясының заманауи көгалдары пайдаланылды. Бар жағдай балалардыңшеберліктері шыңдалуы үшін жасалып жатыр.

Жасанды футбол алаңының жаңартылуына 153 млн теңгеден астам қаражат құйылды. Жоба мақсаты -бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау. Бұл өз кезегінде жас футболшыларға мол мүмкіндік ашпақ. Жаңартылған алаңның ашылуына Қазақстанның танымал футболшысы, жоба амбассадоры Самат Смақов қатысты.

САМАТ СМАҚОВ, «Астана» ФК техникалық директоры:

– Бүгін Петропавлға әдейілеп келіп тұрмын. “Динамо” стадионының жаңа алаңының ашылуына өтіп жатыр. Петропавл – футбол дамыған қалалардың бірі екенін атап өткім келеді. «Алан»жобасы балаларымыздың шеберлігін арттыру үшін арнайы жасалған жоба. Балаларымыздың болашағын біз ойлау қажетпіз. Инфрақұрылымға инвестиция салмасақ, бір жерде тұрып қаламыз. Сондықтан, жоба барлық жағынан жақсы.

Солтүстік аймақта футболды дамытуға көп көңіл бөлініп, материалдық техникалық база жақсаруда. Қазіргі таңда Петропавлда орталық стадионды қайта құрудың екінші кезеңі жүріп жатыр. 4 елді-мекен стадионы күрделі жөндеуден өтуде. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғастанын атап өтті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО әкімі:

– 13 стадионымыз бар, 491 футбол алаңы бар. Соңғы 5 жылдың ішінде облыс бойынша 127 жасанды жабыны бар футбол алаңы жасалған. 2023 жылды алатын болсақ, былтырдың өзінде 22 шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.

«Алаң» жобасы футбол индустриясын өркендететін ауқымды бағдарлама. Ол Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов бастамасымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Ол да бүгінгі салтанатты жиыннан қалыс қалмады.

ӘДІЛЕТ БАРМЕНҚҰЛОВ, Қазақстан футбол федерациясының президенті:

– Бүгінде осы бұқаралық футболға арналған осындай жас алаңды салып жатырмыз. Бұқаралық футбол болмаса, біздің кәсіби футболымыз да дамымайды. Сол үшін бұқаралық футбол мен кәсіби футболдың арасында осындай жобалар енгізілуі керек әрқашанда. Жобаның мақсаты жай алаң салу емес, онда балалардың бәрі ойнау керек. Балалардан бастауымыз керек.

Бағдарламаның жұмысы таныстырылып, алаңнын сапасы тексерілді. Бұдан соң, Ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың пасынан кейін су жаңа алаңдағы алғашқы голды соқты.

Ал ашылу салтанаты аяқталған соң, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов пен футболшы Самат Смақов жаңа алаңда балалармен жаттығу өткізді.

 

Нұрасыл Ахмет