Sailau banner

Қоғам

Гуманитарлық көмек таратылды

Су құйылған 5 литрлік құтылар тасқын кезінде келген гуманитарлық көмектен қалған. Тіршілік нәрінің көптігі соншалық қанша рет таратылып берілгенімен әлі таусылмаған. Бүгінгі партия Хром зауыты кентінің тұрғындарына беріліп жатыр.
Қазір жағдай дұрысталғанымен азаматтардың басым бөлігі тазартылған су ішкенді жөн көреді. Ауладағы сусатқыш жәшіктен 75 теңгеге немесе дүкеннен одан қымбатқа сатып алғанша тегін берілген дүниені неге алмасқа?
Хромзауыттықтар бұл суды аудандарындағы 12-ші мектепке апарамыз дейді. Таза ауызсуды балалар ішеді.

РҮСТЕМ САҒЫНБАЕВ, Хром зауыты кентінің тұрғыны:

– Мұнда біз 5-ші рет келіп тұрмыз. Су бізде жоқ емес, бар. Таза су беріп жатқаннан кейін алуға тырысып жатырмыз.Қаланың шет жағында орналасқан қоймаға күніне 10-ға жуық көлік келеді. Бәріне су тиеледі. Гуманитарлық көмек тасқыннан зардап шеккен аймақ тұрғындарына таратылады.

АЛЛА ПИСАРЕНКО, облыстық ҚХА қоғамдық штаб жетекшісі:

– Біз соңғы айда 950 тоннаға жуық су мен азық-түлік тараттық. Әлі біраз ауызсу бар. Тіршілік нәрін тұрғындар өздері келіп алып кетеді немесе біз апарып береміз. Халыққа көмегімізді үзген жоқпыз. “Бірлік болмай, тірлік болмас” демекші, осы іске қаншама мейірімді жан ат салысып жатыр. Еңбекқор азаматтарға айтар алғысым шексіз.

Осындай 5 литрлік құтыларға “Радуга” серіктестігінің де қоймасы толып тұр дейді Алла Писаренко. Ондағы дүние ертең таратыла бастайды.

 

Мәдина Қаби