Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Биыл СҚО-да сотқа ата-ана құқығынан айыруға қатысты 70-тен астам іс жіберілген

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жыл басынан бері 1700-ге жуық рейд жүргізген. Оның барысында түнде біраз бала үйінде емес, көшеден табылды. Сөйтіп, 2 мыңға жуық ата-ана жауапқа тартылыпты. Сондай-ақ, сотқа ата-ана құқығынан айыру туралы 71 материал жіберіліп, 40-ы қанағаттандырылған. Тағы ата-ана құқығын шектеуге қатысты 14 іс түсіпті. Түнде көше кезген баланы ойын-сауық орнына кіруіне рұқсат еткен нысан иелері де жазасыз қалмады. Мұндай 20-ға жуық мекеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 21 жасқа толмаған жанға темекі сатқандар да көп. Осындай 40-қа тарта дүкен анықталды.

 

Мәдина Қаби