Sailau banner

Қоғам

ҮЕҰ-лардың белсенділігі талқыланды

Облыстық мәслихатта мемлекеттік орган өкілдері мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. Басқосуда екі арадағы әріптестік талқыланды.

БАҒДАТ МҰҚАНОВА, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:

– Үкіметтік ұйымдардың алдында үлкен мәселелер тұр. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық және қаламыздың тұрғындарын алаңдататын КСК мәселесі. Облыс бойынша бұл проблемаларды шешу үшін 11 жоба бар. Олардың жалпы сомасы 400 млн теңгені құрайды.

Жиында осы сынды жобаларды жүзеге асыруда үкіметтік емес ұйымдардың алдында туындайтын әкімшілік кедергілерді азайту туралы айтылды. Сергей Худяков – белсенді қоғам қайраткерлерінің бірі. Қалалық ПИК қауымдастығының төрағасы жүзеге асырып жатқан жобаларына тоқталды.

СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, қалалық ПИК ассоциациясының төрағасы:

– Біз қазір Еуропалық одақ гранты аясында серіктестерімізбен бірге жоба іске асырып жатырмыз. Жоба азаматтық қоғамның энергия үнемдеуге назарын аудартуға бағытталған. Бұл – өте өзекті мәселе. Өйткені, қазір судың да, жарық пен жылудың да құны қымбаттап жатыр. Егер біз аталған ресурстарды үнемдеуді үйренсек, отбасылық бюджетті тиімді басқаруды да меңгереміз.

Айта кететін жайт, өңірде үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырып жатқан жобалардың саны жүзден асады. Жиында осы ұйымдардың жұмыс сапасын жетілдіру мәселесі де талқыланды.

 

Анель Шаяхметова