Sailau banner

Мәдениет

Тоқтар Зікіриннің туғанына – 75 жыл

Өшпейтұғын артында із қалдырған! Биыл өңірімізге танымал тілші, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Тоқтар Зікіриннің туғанына – 75 жыл. Қаламы қарымды азамат – Шал ақын ауданына қарасты Балуан ауылының тумасы. Ол “Солтүстік Қазақстан” газетінде 25 жылдам астам жұмыс істеді. Оқырманға жүрекжарды өлеңдерін де жолдап отырды. Атақты жерлесіміздің мерейтойына орай С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада еске алу кеші өтті. Шараға Тоқтар Нұрахметұлының жұбайы, балалары, жақындары мен әріптестері қатысты. Олар естеліктермен бөлісті, ілкімді істерді жіпке тізді.

ҚОШАН ҚАЛИЕВ, “Солтүстік Қазақстан” облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі:

– Көзі тірі болса 75-ке толған мерейтойын тойлаушы едік. Тоқтар ағамыз жайлы көп нәрсе айтуға болады. Танымал журналист, ақын. Біздің облысымызда ғана емес, республика бойынша танымал тұлға. Мен оның інісіндей болып кеттім.