Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Оқушыларға Жол қозғалысы ережелері түсіндірілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында жеткіншектерге Жол қозғалысы ережелерін тағы бір түсіндіріп өткен артық етпейді. Шараға жас инспекторлар қатысты. Олар полиция қызметкерлерімен бірге көшелерді аралап, кездескен адамға жаднама ұсынды. Жалпы, өңірде жас жол инспекторларының 287 жасағы жұмыс істейді. Ұйымға 4 мыңнан астам оқушы мүшелік етеді.

АЯГӨЗ ЕСМАҒАМБЕТОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:

– Оқу жылының басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында жас жол инспекторларымен бірлесіп, жол қозғалысының назарын ЖҚЕ мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне аударғымыз келеді. Жолдардағы қауіпсіздік әрқашан әрқайсымыздың мінез-құлық мәдениетімізге байланысты.

Шараны өткізудегі мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Өйткені, статистика көңіл көншітпейді. Облыста жыл басынан бері балалардың қатысуымен 50-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1 бала қаза тауып, 65-і жарақат алған.

 

Данаш Хамза