Sailau banner

Ауыл шаруашылығы

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі өңірде бірқатар нысанды аралады

Ең бірінші болып Ералы Тоғжанов Бескөл ауылындағы кішігірім құс фермасының жұмысын көруге келді. Сара Сатыбалдина өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 8 млн теңгеден астам несие алып 800 тауық сатып алған. Қазір кәсібі өрге жүзіп келеді.

САРА САТЫБАЛДИНА, жеке кәсіпкер:

– Өткен жылы жолдасымыз екеуіміз “Ауыл аманаты” бағдарламасы бар екенін естідік. Бізге 2,5 пайызға 8 млн 85 мың теңге несие берді. Содан кейін арнайы қора салып, 800 Леггорн тұқымды тауығын сатып алдық.

Ферма күніне 500-600 жұмыртқа өндіреді. Оны жеке кәсіпкер аудан орталығы мен қала дүкендеріне өткізеді.

Кейін премьер-министр кеңесшісі «Байділдаева» ЖК келді. Айман Байділдаева өткен жылы “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында несие алып көлік жуу орталығын ашқан. Мұнда әр жүргізуші темір тұлпарын өзі жуады. Орталық күніне 15-20 көлік қабылдайды.

Ералы Тоғжанов барған келесі нысан – Новоникольское елді мекені. Мұнда премьер- министр кеңесшісі ауылдың әлеуметтік нысандарын аралады. Ауылдағы білім ордасын қайта қалпына келтіруге «Зенченко и К» командиттік серіктестігі 280 млн теңге жұмсаған. Мектепте спорт залы, еңбек сабағына арналған сыныптар да бар. Бұнда 4-ші сыныпқа дейін 360 бала тегін тамақтанады. Бұған серіктестік жылына 27 млн теңге жұмсайды.

Ералы Тоғжанов ауылдағы спорт сарайын да көрді. Әлеуметтік нысанында бассейн, үстел теннисі, волейбол, баскетбол алаңы бар. Бұдан кейін премьер-министр кеңесшісі Айыртау ауданына аттанды.

 

Данаш Хамза