Sailau banner

Ауыл шаруашылығы

Ералы Тоғжанов Есіл ауданына барды

Үкімет басшысының кеңесшісі Ералы Тоғжанов Қызылжар ауданынан кейін Есіл ауданына жол тартты. Ол Явленка ауылында “Механник” жеке кәсіпкерлігінің жұмысымен танысты. Нысан “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында бір жыл бұрын ашылған. Іскер азамат Алмас Бейсенов көлік жуу және оны жөндеумен айналысады. Жақын жерде шағын сауда маркеті де тұр. Әзірге, 3 адам жұмыспен қамтылыпты. “Ауыл аманаты” жобасының жүзеге асырылуымен танысқан Ералы Лұқпанұлы кәсіпкердің бастамасына оң бағасын берді. Бұдан кейін ол Корнеевка ауылында орналасқан “Атамекен Агро Корнеевка” серіктестігіне барды. Мұнда тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр. Германиядан голштино-фриз тұқымды 500 бас сиыр жеткізілген. Алдағы уақытта тағы 800-і әкелінеді. Шамамен 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылуы тиіс. Кәсіпорынмен танысқан Ералы Тоғжанов тауарлы-сүт фермасын дамыту бойынша ұсынысын білдіре отырып тұрғындарды барынша жұмыспен қамту қажеттігіне тоқталды.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі:

– Ең алдымен осы шаруашылықтың айналасында тұратын адамдарды жұмыспен қамту қажет. Мысалы, сүт өңдеуге байланысты. Мал болғанымен сүт өңдейтін орындар жоқ. Сондықтан, азаматтарға осы жердің өнімдерін өңдеп, тарататын болса, бұл ауылда тұратын азамттарға жасалатын көмек болар еді.

 

Мәдина Қаби