Қазақстан жаңалықтары

Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен ішкі саясат және идеологиялық жұмыс мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті

Қатысушылар Президенттің бастамаларын іске асыруды, этносаралық келісімді нығайтуды, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды және жастар саясатын талқылады. Ерлан Қарин қоғамдағы өзгерістерді ескере отырып, жұмыста жаңа тәсілдерді іздеудің маңыздылығын атап өтіп, ішкі саяси тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Кеңес қорытындысы бойынша ішкі саясатты жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.